Орал қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласы әкімінің өкімімен Жандос Асхатұлы Дүйсенғалиев қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей,

Жандос Дүйсенғалиев 1990 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі – жоғары, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарих, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Сырым ауданындағы «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып бастаған.

Әр жылдары Сырым, Казталов ауданы және Орал қаласы әкімінің аппаратында қызмет еткен.

2020 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып еңбек етті.

Жандос Асхатұлы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласына жетекшілік ететін болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ержан Балтаевтың БҚО әкімінің орынбасары болғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар