Орал қаласы маңында құрғақ шөп пен бұталар өртеніп жатыр

None
Фото: БҚО ТЖД
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласы маңында құрғақ шөп пен бұталар өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 30 маусым күні Деркөл кентінде болды.

«Сағат 11.42-де»Сарыарқа«шағынауданында шамамен 3 учаскеде 5 гектар аумақта құрғақ шөп пен бұталар отқа оранды.»Тілсіз жауды«ауыздықтауға ТЖ департаменті, орман шаруашылығы, ерікті өрт сөндіру құрылымынан 66 адам 21 техникамен жұмылдырылды. Жану орнына ТЖ департаментінің мен Орал қаласы әкімдігінің басшылығы барды. Қазіргі кезде өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Елді мекенге қауіп жоқ. Оқиғаға орай жедел штаб құрылды. Күні бүгін Оралда температура тілі 33 градусқа дейін көтерілді. Желдің жылдамдығы - секундына 5 метр», - деп хабарлады ведомстводан.

Департамент мәліметі бойынша өрт сағат 16.16-да оқшауланды.

Соңғы жаңалықтар