Орал қаласына қарасты Деркөл кенті тұрғынының тұрмыстық сарайынан снаряд табылды

ОРАЛ. 23 ақпан. ҚазАқпарат - 22 ақпан күні сағат 16.25-те №14 учаскелік полиция бекетіне Деркөл ауылының 40 жасар тұрғыны хабарласып, тұрмыстық сарайында снарядқа ұқсайтын металдан жасалған белгісіз заттың жатқанын айтқан.

Орал қаласына қарасты Деркөл кенті тұрғынының тұрмыстық сарайынан снаряд табылды

Алдын ала тексеру жүргізген полицейлер мұны диаметрі 76 мм, ұзындығы 320 мм азаматтық соғыс кезінен қалған артиллериялы снаряд деп тапқан. Орал қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері снаряд табылған жерді бақылауға алып, жол полициясы басқармасының қызметкерлері көлік жүретін жолдарды жауып, барлық сақтық шараларын қолға алды. 22 ақпан күні сағат 19.20-да «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлініс жауынгерлері Бортау ауылы аймағында снарядты жарып, жойды.