Орал қаласынан шығатын барлық дерлік жолдар жабылды
ОРАЛ. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 15.00-16.00 шамасында Орал қаласынан шығатын барлық дерлік жолдар жабылды.
Облыстық жол полициясы басқармасынан хабарлағанындай, тек Тасқала жағына қарай қоғамдық көліктен басқа көліктердің жолға шығуына болады. Қолайсыз ауа райына, яғни ақтүтек боран соғуына байланысты осындай шара алынып отыр.