Орал қаласында «Ел ырысы» базары өртенді
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында «Ел ырысы» базарында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 6 ақпан күні сағат 12.45-те болды.
Сырым Датұлы көшесінде орналасқан «Ел ырысы» базарында аумағы 145 шаршы метрді қамтыған өрттен тамақ және құрылыс заттарын сататын 5 сауда бутигі жанып кетті.
Сондай-ақ 7 бутиктің шатыры жанды.
«Тілсіз жау» сағат 14.48-де толықтай ауыздықталды.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 қызметкер 8 техникамен жұмылдырылды.
Қазіргі кезде келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 22 жастағы келіншекті өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген тұрғынға үкім шыққанын жазған болатынбыз.


