Орал қаласында құрылыс жұмыстары кезінде жұмысшы мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында «ОрионСтройСервис» ЖШС-де құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 2-ші қабаттағы биіктіктен құлаған 1981 жылы туған жұмысшы мерт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Сондай-ақ Астанада «Құлагер» ТК аймағында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 1965 жылғы жұмыскер электр тоғына түсіп, ауруханаға жатқызылды.