Орал қаласында тоғыз қабатты жатақханада өрт болып, екі адам қаза тапты
ОРАЛ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласы Еуразия даңғылы 89/1-де орналасқан жатақхананың тоғызыншы қабатында өрт болып, екі адам қаза тапты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түн ішінде екі бөлмелі пәтер отқа оранып, онда болған төрт адамның екеуі, атап айтқанда, 36 жасар әйел мен он бір айлық сәби көз жұмды. Мамандардың пайымдауынша, 12 шаршы метрді қамтыған өрт сөндірілмеген темекіден шыққан.