Орал қаласында жергілікті шенеуніктердің бірі құны 24,5 миллион теңгенің жерін заңсыз беріп жіберген - қаржы полициясы

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат  /Айдар Оспаналиев/ - Лауазымды тұлғалардың  қызметтік өкілеттігін пайдалану да жер қатынастары саласындағы кең тараған жемқорлық әрекеттердің бірі.

Орал қаласында жергілікті шенеуніктердің бірі құны 24,5 миллион теңгенің жерін заңсыз беріп жіберген - қаржы полициясы


Бүгін журналистермен болған дәстүрлі апталық брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның келтірген мәліметтеріне қарағанда, Қостанай облысының Чехов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы сотқа берілген. «Ол белгілі біреулерге жерді пайдалануға мүмкіндік беретін құжатқа осы ауылдың бірқатар тұрғындары мен бұрын қайтыс болған 24 азаматтың атынан қол қойған. Осы әрекеті арқылы ол «КФК Агро»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалпы құны 34 миллион 700 мың теңгені құрайтын 792 гектар жерін жеке иелікке заңсыз беріп жібермек болған. Ал Батыс Қазақстан облысында Орал қалалық жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бастығының ісі сотта қаралуда. Ол арнайы тексерулер жүргізбестен мемлекет пен аймақ тұрғындарына тиесілі 1,4 гектар жер телімдерін заңсыз бөлген. Бұл әрекеттен мемлекетке келген шығын 24,5 миллион теңгені құрап отыр», дейді М.Жұманбай.