Орал қаласындағы көпір жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында Жайық өзеніндегі көпір жөндеуден өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, осы мақсатқа 940 млн 671 мың теңге қарастырылып отыр. Орал-Подстепный бағытындағы Самара-Шымкент трассасы бойындағы көпір 21 сәуір күні жөндеуге жабылады.

«Орташа жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме – «Адал арна» ЖШС атқарады. Жөндеу барысында көпірдегі қалыңдығы 5-6 см ескі асфальт төсемі толықтай кесіліп алынып, жаңа асфальт жабыны төселеді. 1961 жылы пайдалануға берілген көпір содан бері ағымдағы жөндеулерден өткенімен, тозығы еткен. Одан жүк көліктерінің өтуіне тыйым салынған. Асфальт төсеумен қатар, көпірдің деформациялық тесіктерін қалпына келтіру, қоршауларды ауыстыру және жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазірдің өзінде 300 метр қоршау ауыстырылды. Көпірдің жабылуына байланысты қоғамдық көлік бағыты да өзгереді. Автокөліктер Меловые горки ауылы бағытындағы Жайық өзенінен өтетін көпір арқылы қатынайтын болады. Жөндеу жұмыстарын бір аптаның ішінде аяқтау жоспарланып отыр», - деп хабарлады ведомстводан.


Фото: Орал қаласы әкімдігі


Соңғы жаңалықтар