08:43, 01 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Орал қаласының 54 мектебі тұмаудың өршуіне байланысты карантинге жабылды
АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат - Жедел респираторлы вирусты инфекцияны жұқтыру үдерісінің өршуіне байланысты Орал қаласының 54 мектебі карантинге жабылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Министрліктен хабарланғандай, Орал қаласында оқушылардың арасында жедел респираторлы вирусты инфекциямен науқастану үрдісінің өршуіне байланысты және Денсаулық сақтау министрлігі Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік эпидемиологиялық қадағалау комитетінің ұсынысымен қалалық білім беру басқармасы мектептерге қарашаның 30-ы күнгі сағат 18.26-дан желтоқсанның 4-не дейін карантин енгізді.
«Карантинге - 54, оның ішінде 6 - облыстық, 3 - арнайы-түзеу және 45 қалалық мектеп жабылды», деп атап өтті министрліктің баспасөз қызметінен.