Орал қаласының әкімі өзінің жалақысын жария етті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков бүгін өткен брифингіде қанша жалақы алатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласының әкімі өзінің жалақысын жария етті

Журналистер сауалына жауап берген шаһар басшысының айтуынша, оның қолына тиетін айлық еңбекақысы – 387 мың теңге.

Әкім мемлекеттік қызметшілердің жалақысы құпия еместігін, олар да басқалар сияқты несие алатынын жеткізді.