Орал қаласының кенттері мен ауылдық округ бюджеттері 303 млн астам теңгеге көбейтілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласының кенттері мен ауылдық округ бюджеттері 303,644 млн теңгеге көбейтілді. Бұл туралы бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс 21-сессиясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласының кенттері мен ауылдық округ бюджеттері 303 млн астам теңгеге көбейтілді

Осындай өзгерту нәтижесінде қалаға қарасты кенттер мен ауылдық округтер бюджеті 650,277 млн теңгеге жетті.

Орал қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары Рауан Қуановтың мәлім еткеніндей, нақтыланған қаржының 93,594 млн теңгесі облыстық бюджеттен, 23,735 млн теңгесі қала қазынасынан, 186,315 млн теңгесі бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бөлініп отыр.
null  

Зачаган кентінің Строитель көшесін күрделі жөндеуге 94 млн теңге қаралса, оған қосымша екі ауланы абаттандыру жұмыстары басталмақшы. Бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен берілген қаржының 88 пайызы, яғни 163,315 млн теңге Зачаган кентіне жұмсалмақ. Атап айтқанда, санитариялық тазалықты қамтамасыз ету, көгалдандыру жұмыстарына 114 млн теңге, балалар ойын алаңы мен аялдама павильондары құрылысына 23 млн теңге қаралды. Сондай-ақ 16,145 млн теңгеге Круглоозерныйда саябақ абаттандырылмақ. Кенттер мен ауылдық округтерде басқа да жұмыстар атқарылады.

null