Орал қаласының тұрғыны қолдан жасалған алкоголь өнімін сатқан

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласының тұрғыны қолдан жасалған алкоголь өнімін сатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласының тұрғыны қолдан жасалған алкоголь өнімін сатқан

БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері суррогатты алкоголь өнімін өткізу дерегін анықтады.

Департамент мәлім еткендей, жедел іздестіру шаралары барысында Орал қаласының тұрғыны үйінде қолдан жасалған алкоголь өнімін сатқаны белгілі болды.

Қала тұрғыны аталған өнімді 5 литрлік ыдыста 7 мың теңгеге өткізген.

Барлығы 85 литр қолдан жасалған алкоголь өнімі тәркіленді.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша материалдар айыпты тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін БҚО полиция департаментіне жолданды.