Орал мектебінде мұғалім көз жұмды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оралға қарасты Желаев кентіндегі №14 мектепте қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем стансасына шақырту сағат 12.47-де түскен.
Әйел мектептің акт залында жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған. 1963 жылғы мұғалім артериальды гипертензиямен есепте тұрған.
Жедел жәрдем бригадасы мектепке сағат 12.56-да жеткен.
Еске сала кетейік, Оралда бұдан бұрын 6 наурыз күні ҰБТ сынағы кезінде №32 мектеп мұғалімі қайтыс болған еді.
Фото: cheltoday.ru