Орал мен Тасқала арасында жол жабылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ауа райына байланысты Батыс Қазақстан облысы тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Компания таратқан мәліметке сенсек, 17 қараша БҚО уақытымен түнгі сағат 23.30-дан бастап «Орал-Тасқала» тасжолының 4-104 шақырым аралығында автокөліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынған.
Жолды жабуға ауа райының нашарлауы, боран мен көктайғақ себеп болған.
Қазір жолшы мамандар көктайғақты жою мақсатында жұмыс жүргізіп жатыр.
«Күре жолдағы ахуал «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Батыс Қазақстан облысы филиалының жіті бақылауында» дейді компаниядан.