Орал тұрғыны жатын бөлмесінде автомат пен екі тапанша сақтаған

Тапаншаның ақауы бар болып шықты, деп хабарлайды Kazinform «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Қару
Фото: Видеодан алынған кадр

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Орал қаласының 62 жастағы тұрғыны жатын бөлмесінде Калашников автоматы мен екі тапанша сақтап келген.

Сараптамаға сәйкес, АК-103 жауынгерлік қаруыының саймандары түп-түгел, атуға әбден жарамды. Травматикалық тапанша ақаулы, жақтауы сынған.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы „Заңсыз атыс қаруын сақтау“ бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — делінген жазбада.