Орал тұрғындары ертеңнен бастап жолақыны SMS-пен төлей бастайды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында 8 қарашадан бастап «SMS BUS» жолақы төлеудің электронды жүйесі іске қосылмақ. Бұл  туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде Орал қаласы әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Мұхамбетқалиев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

«SMS BUS» жүйесінің ең басты ерекшелігі - қала бюджетіне, жолаушыларға және автобус парктеріне ешқандай салмақ салмайды (мысалы, автокөлікке арнайы құрал орнатудың, жолаушылар үшін төлем карталарын сатып алып, оған тұрақты түрде қаржы салып отырудың қажеті жоқ), төлем құралы ретінде әр азаматтың қолындағы дербес ұялы телефоны ғана қолданылады.

Қ.Мұхамбетқалиевтің атап өткеніндей, «SMS BUS» жүйесі дәстүрлі қолма-қол төлем жүйесіне балама ғана, яғни жолаушы жолақысын қолма-қол да, ұялы телефоны немесе банк карточкасы арқылы да төлей алады.

null 

«SMS BUS» компаниясының өкілі Сержан Идиятовтың айтуынша, банк картасы арқылы төлем жасау үшін жолаушы smsbus.kz сайтына кіріп, банктік картасын тіркеуі тиіс. (VISA және Master Card, кез келген банкте комиссиясыз).

Бұдан былай әрбір қоғамдық көлікке SMS арқылы төлем жасауды түсіндіретін жазбаша ақпарат парағы жабыстырылатын болады. Жолақыны төлеу үшін жолаушы көліктің кодын (сандар) көрсете отырып, 2505 қысқа нөміріне (нөмір Қазақстанға ортақ, sms жолдау - тегін) SMS жолдайды.  Электронды төлем қабылданғаннан кейін жолаушыға төлем жасалғандығын айғақтайтын, SMS хабарлама түріндегі сауда чегі (электронды билет) беріледі.

Соңғы жаңалықтар