Орал тұрғынынан 40 дана киік мүйізі тәркіленді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласы тұрғынынан 40 дана киік мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 23 тамыз күні Зачаган кентінде болды.

«Сағат 14.00-де Жәңгір хан көшесі бойында Жастар аялдамасы маңында 41 жастағы ер адам қолға түсті. Одан 40 дана киік мүйізі тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігіне (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар, сондай-ақ олардың дериваттарымен заңсыз айналысу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында аталған ер адамның киіктің осыншама мүйізін қайдан алғаны, қайда сатқысы келгендігі анықталатын болады», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да хабарсыз кеткен студенттің төртінші күн іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар