Оралда 1 мың орындық спорт кешені пайдалануға беріледі

АСТАНА. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдегі спортты дамыту, спорт нысандарын салу мәселесін көтерді. 

Құрылыс
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

«Былтыр Мемлекет басшысы өңірге жұмыс сапары барысында спортты дамытуға қатысты бірқатар тапсырма жүктеді. Қазір облыс орталығында 1 000 орындық көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы аяқталып жатыр. Жалпы спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында биыл 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 1 модульді спорт кешені пайдалануға берілді. Осылайша, облыстың барлық аудан орталықтары спорт кешендерімен толықтай қамтамасыз етілді», - деді Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Одан әрі облыс әкімі ауылдардағы спортты жетілдіру жұмыстарына тоқталды. 

«Ауылдарды спорт нысандарымен қамтуды бастап кеттік, бүгінде 7 ауылда спорт кешені салынды, келесі жылы тағы 6 ауылда спорт кешенін салатын боламыз», - дейді Н. Төреғалиев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында газ өңдеу зауыты салынатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар