Оралда 100 жыл бұрын жасалған қару жойылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «ҚазАрмаПром» ЖШС зауытында 223 қару балқытылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Оралда 100 жыл бұрын жасалған қару жойылды

Соның ішінде 149-ы - тегіс ұңғылы мылтықтар, 22-сі - травматикалық, 18-і - газды тапаншалар.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұлар - тұрғындар ерікті түрде тапсырған, сондай-ақ тәркіленген, сот үкімдерімен алынған қарулар. Олардың әрқайсысы комиссиялық тексеруден өткізіліп, тіркеліп, жоюға рұқсат берілген.

Осы қарулардың ішінде 1919 жылы Тула қару-жарақ зауытынан шығарылған наган да бар.

Қарулар балқытылғаннан кейін одан кемінде 200 кг металл алынады.

Айта кетейік, БҚО полиция департаменті қару жою шарасын әр тоқсан сайын өткізеді.