Оралда 11 Ауғанстан азаматы ұсталды

Орал қаласына кірген Ауғанстанның 11 азаматы көші–қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі. 

шекара
Фото: ҚР ІІМ

Ауғанстан азаматтарының құжаттарын тексеру барысында екеуінің визасының мерзімі асып кеткені анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, екі Ауғанстан азаматы бұрын Қазақстан Республикасы аумағынан күштеп шығарылғаны белгілі болды. Олар Орал қалалық ПБ қабылдап-тарату орнына орналастырылды.

Қазіргі уақытта шетелдік азаматтарға қатысты Батыс Қазақстан облысының аумағында болу себептерін анықтау мақсатында тексеру шаралары жүргізілуде.

ҚПЛ: «Тобыл» бесінші мәрте жеңілді
Ұқсас жаңалықтар

ҚПЛ: «Тобыл» бесінші мәрте жеңілді