Оралда 14-қабаттан әйел құлап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орал қаласында 14-қабаттан әйел құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға сағат 11.30 шамасында Достық даңғылы 244-үйде болған.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жедел жәрдем стансасына қоңырау сағат 11.41-де шалынған. Жедел жәрдем 3 минуттан кейін жеткен. Алайда жасы елудің шамасындағы әйел көмек жеткенше көз жұмған.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Иллюстрацилық фото