Оралда 17 жасар қыз бала суға батып кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Кеше Орал қаласындағы «Светлячок» турбазасында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Оралда 17 жасар қыз бала суға батып кетті

Осында демалуға келген 1999 жылғы қыз Деркөл өзеніне батып кетті.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға орнына жеткен құтқарушылар сағат 16.00-де марқұмның денесін судан шығарды.

Айта кетейік, бұл - биылғы осындай бірінші қайғылы оқиға. Бұдан бұрын құтқарушылар Шалқар көлінде төрт жас жігітті, Оралда Шаған өзенінде 12 және 5 жасар баланы құтқарып қалған болатын.

2015 жылы өңірде 29 (13-і - балалар), өткен жылы 20 адам (9-ы - балалар) суға кетті.