Оралда 2 300 адам эвакуация пунктінде тұрып жатыр

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал төңірегіндегі саяжайлардан адамдар әлі көшіріліп жатыр. Бұл жайында төтенше жағдайлар министрлігінен хабарланды. 

су басты
Фото: ТЖМ
жайық
Фото: ТЖМ
құтқару
Фото: ТЖМ

«Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысының эвакуация пунктерінде 2 300 адам, оның ішінде 985 бала бар. 4 925 мал қауіпсіз жерге айдалды» дейді ТЖМ баспасөз қызметінен.

тасқын су
Фото: ТЖМ

Еске сала кетейік, бүгін Орал төңірегінде саяжайлар суға кетіп жатыр. 

тасқын су
Фото: ТЖМ

ТЖМ және жұмылдырылған күштер су басқан саяжай учаскелерінде алдын ала 1376 адамды эвакуациялап, уақытша орналастыру пунктеріне жеткізді.

тасқын су
Фото: ТЖМ
эвакуация
Фото: ТЖМ