Оралда 2 адамды өлтірді деген күдіктілер ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда екі ер адамның өліміне қатысты күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда 2 адамды өлтірді деген күдіктілер ұсталды

Орал қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисеновтің айтуынша, қанды оқиға Х.Чурин көшесі  бойындағы көп қабатты 162-үйде орын алды.

6 қазан күні түс ауа пәтерлердің бірінен 1978 және 1987 жылғы екі адамның мүрдесі табылды.

«Осы қылмысқа күдікті ретінде екі адам ұсталып, уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес (екі адамды өлтіру) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», деді ҚазАқпарат тілшісіне Н.Бисенов.