Оралда 2 жасар қыз бала үшінші қабаттан құлап кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда екі жасар қыз бала үшінші қабаттағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда 2 жасар қыз бала үшінші қабаттан құлап кетті

БҚО ТЖ департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев мәлім еткендей, оқиға 20 маусым күні кешкісін сағат 20.00-де болған.

Ә.Молдағұлова көшесі 16/1-мекенжайында орналасқан бес қабатты үйдің үшінші қабатындағы терезеден 2018 жылғы қыз бала құлап кеткен.

Сәби облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды.

Бұл – биылғы осындай төртінші оқиға.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, қыздың жағдайы ауыр. Ол бүгін жансақтау бөлімінен травматологиялық бөлімшеге ауыстырылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жасөспірімнің Деркөл өзеніне батып кеткенін жазған болатынбыз.