Оралда 26 градус аяз: Бастауыш сыныптарда сабақ болмайды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оралда аязға байланысты бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО ТЖ департаменті ескерткеніндей, бүгін таңертең облыс орталығында температура тілі 26 градус аязды көрсетті. Осыған байланысты бірінші ауысымдағы 1-4 сыныптарда сабақ болмайды.

Айта кетейік, мұндай қатты аяз биыл Оралда бірінші рет тіркеліп отыр.

Соңғы жаңалықтар