Оралда 28 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін сатып жіберген

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда 28 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін сатып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда 28 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін сатып жіберген

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған келіншек Бөрлі ауданында тұратын ерлі-зайыпты тұрғындармен келісіп, сәбиін беріп жіберген.

Полиция қызметкерлерінің жұмысы нәтижесінде келіншек ұсталып, қазіргі кезде ҚР ҚК 135-бабы 1-бөлігіне (кәмелетке толмағандарды сату) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыста 19-24 қыркүйек аралығында жүргізіліп жатқан «Стоп-трафик» жедел іздестіру іс-шаралары барысында 4 қылмыстық құқықбұзушылық ашылып, 10 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жүргізушінің велосипед мінген ер адамды қағып, қашып кеткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ 43 жастағы ер адам өзіне-өзі пышақ салды.