Оралда 3 автокөлік соқтығысып, екі адам зардап шекті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда үш автокөлік соқтығысып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 11 қараша күні Теректі ауданы Подстепный ауылы бағытындағы көпір үстінде болды.

Жедел жәрдем сағат 08.05-те шақырылды.

Жол апаты салдарынан екі әйел жарақат алды. Біреуінің екі тізесінің еті көгерген. Екіншісінің тізеден төмен тұсы сынған. Екеуі де облыстық көпбейінді аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізілді.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, жол апаты салдарынан көлік кептелісі орын алды.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.


Соңғы жаңалықтар