Оралда 3 жасар бала төртінші қабаттағы терезеден құлап кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда 3 жасар бала 4-қабаттағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 16.30-да Зачаган кенті Қамбар батыр көшесі 6-мекенжайда орналасқан 5 қабатты үйде болды.

Ата-анасының қарауынсыз қалған 2018 жылғы бала төртінші қабаттан құлап кеткен.

Бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, бала жабық бас-ми жарақатын алған, миы шайқалған.

Осындай тағы бір оқиға Сарайшық көшесі 55-мекенжайында болды. Бүгін сағат 03.04-те 1995 жылғы ер адам төртінші қабаттан құлап кеткен.

Ашық бас-ми және басқа жарақат алған ол мас күйінде болған. Ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да автокөлік аударылып, жүргізуші мерт болғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар