Оралда 336 мас жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда биыл көлікті мас күйінде жүргізген 336 тұрғын көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда 336 мас жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды

Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотынан түскен мәліметке қарағанда, жүргізушілердің кінәлары медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденді.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабына сәйкес жол ережесін қатаң бұзған жүргізушілер түрлі жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, 22 адамға қамаққа алу түріндегі жаза  қолданылса, 314-і 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.