Оралда 4 мыңнан астам адам мемлекеттің қолдау шараларымен қамтылды

 ОРАЛ. ҚазАқпарат - Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында биыл Орал қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына 378,041 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Орталық директорының міндетін атқарушы Нұрсәуле Елеуованың айтуынша, биылғы 1 қыркүйекке дейін жұмысқа орналасу мәселесімен 6944 адам жолығып, соның ішінде 2634-і жұмыссыз ретінде танылды.

Сегіз айда 4384 адам мемлекеттік қолдау шараларымен, соның ішінде 2085-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ 590-ы жастар тәжірибесіне, 1087-сі қоғамдық жұмыстарға, 67-сі мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында, 76-сы әлеуметтік жұмыс орындарына, 479-ы кәсіптік оқуға жіберілді. 1298 адам жұмыссыз ретінде есепте тұр, жұмыссыздық деңгейі - 0,9 пайыз.

Жыл басынан бері жаңадан 2534 жұмыс орны ашылды.
null 

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» 1-бағыты бойынша 400 жас 1 қыркүйектен бастап Орал қалалық білім беру бөлімі арқылы оқу орындарына жолданды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша 976 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Ол үшін мемлекеттік бюджеттен 134,682 млн теңге қарастырылды. Сегіз айда 479 адам (49 пайыз) түрлі мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтылды.

Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2-бағыты бойынша биыл 76 адамға 294,730 млн теңге көлемінде несие беру көзделген болатын. Қазіргі таңда 273 адам несие қаражатын алуға ниет білдіріп, мамандардан түрлі кеңестер алды. 163 адам «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қалалық филиалына кәсіпкерлік негіздерін оқу курсынан өтуге жіберілді. Күні бүгін қала бойынша несиемен қамтамасыз ететін үш екінші деңгейлі банк, атап айтқанда, «Ресей жинақ банкі» АҚ еншілес филиалы, «Қазақстан Халық банкі» АҚ филиалы және «ЦентрКредит банкі» АҚ филиалы анықталды.

Бағдарламаның «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» 3-бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға барлығы 120 адамға 18,530 млн теңге бөлініп, жоспарланған 5266,0 мың теңге толық игерілді. Сегіз айда 49 келісімшарт жасалып, 37 жұмыс берушіге 76 адам жұмысқа орналастырылды.
null 

Жастар тәжірибесін ұйымдастыруға барлығы 477 адамға 141,978 млн теңге қаралып, жоспарланған 64,182 млн теңге игерілді. 174 келісімшарт жасалып, 153 жұмыс берушіге 590 адам жастар тәжірибесі бойынша жолданды.
null 

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 1048 адамға 80,951 млн теңге бөлініп, жоспарланған 52,369 млн теңге игерілді. 101 келісімшарт жасалып, 102 мекемеге 1087 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді.

Айта кетейік, сегіз айда бос жұмыс орындарының алты жәрмеңкесі өткізіліп, жоспарланған 900 мың теңге толық игерілді.

 

Соңғы жаңалықтар