Оралда 40 жастағы ер адам қонақүйде асылып қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда қонақүйлердің бірінің номерінде ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 22 наурыз күні болған.

«Достық даңғылы 148, мекенжайында орналасқан «Пушкин» қонақүйінің 111-бөлмесінен Алматы қаласының 1978 жылғы тұрғыны азамат А.-ның мүрдесі табылды. Ол өзіне-өзі қол жұмсап, асылып қалған», - делінген таратылған ақпаратта.

Фото: travelnetplanet.com

Соңғы жаңалықтар