Оралда 402 дана киік мүйізін тасымалдаған тұрғын сотталды

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңы 3-бабы қолданылып, Н.Байқатовтың жазасы сол мерзімге бас бостандығын шектеумен ауыстырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Орал қалалық сотынан түскен мәліметке қарағанда, Н.Байқатов сот залында босатылды.
Сот талқысында айтылғанындай, 1967 жылғы Н.Байқатов тергеу барысында анықталмаған тұлғалармен қылмыстық келісімге келіп, 402 дана киік мүйізін Алматы қаласына жеткізбекші болған.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік , жедел алдын алу шарасы барысында БҚО ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 2016 жылы 15 сәуір күні таңғы сағат 05.30-да Орал қаласындағы теміржол вокзалы аумағынан Н.Байқатов айдаған «Тойота Королла» автокөлігін тоқтатып, тексерген кезде көлік салонынан 402 дана киік мүйізі табылған болатын. Мұның құны 170 млн теңге тұрады.