10:40, 18 Маусым 2024 | GMT +5
Оралда 59 жастағы ер адам өзіне-өзі қол жұмсады
ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында өз үйінен 1965 жылғы ер адамның денесі табылды.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 маусым күні болған. Кешкі сағат 17.50-де өзіне-өзі қол жұмсаған ер адамның мүрдесі табылды.
«Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал базарындағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатынбыз.