Оралда 600 киік мүйізі тәркіленді

киік мүйізі
Фото: Polisia.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Орал қаласында полиция қызметкерлері шамамен 600 киік мүйізін тәркіледі. Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды. 

Мәлім болғандай, полицейлер «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында 593 дана киік мүйізі табылған. 

Көлік тізгіндеген азамат Атырау облысының тұрғыны болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар