Оралда 67 жастағы зейнеткер әйелді өлтірген күдікті көршісі болып шықты

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында жеке үйлердің бірінде зорлықпен өлтірілген 1957 жылғы әйелдің мүрдесі табылды.

Орал
Фото: БҚО ПД

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 31 шілде күні болған оқиға орнына жедел тергеу тобы және басқа қызметкерлер дереу жіберілді.

«Оқиға орнын мұқият қараған кезде бөлмелердің бірінен криминалистер айғақ заттар тапты. Криминалистік есептер бойынша тексеру барысында бұл заттар Орал қаласының 28 жастағы тұрғынының деректерімен сәйкес келді. Ол марқұммен көрші тұрған. Сондай-ақ оқиға орнынан басқа да заттай айғақтар алынды. Күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жоғалып кеткен 21 жастағы студентті өлтірген күдіктінің ұсталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар