01:18, 20 Қыркүйек 2021 | GMT +5
Оралда 8 жасар қыз бала төртінші қабаттағы терезеден құлап кетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 8 жасар қыз бала төртінші қабат терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 19 қыркүйек күні кешкісін, сағат 19.43-те А.Оразбаева көшесіндегі бес қабатты №2а-үйде болды.
Ата-анасының қарауынсыз қалған 2013 жылғы қыз бала төртінші қабат терезесінен құлап кетіп, ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі мәлімет бойынша жабық бас-ми жарақатын алған қыздың жағдайы орташа ауыр.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы (3 қызметкер, 1 техника) барды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автобус пен жеңіл көлік соғылысып, 45 жастағы әйелдің ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.