Оралда 83 қару балқытылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралдағы «КазАрмаПром» ЖШС зауытында 83 қару балқытылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда 83 қару балқытылды

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 59 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 21 газды тапанша, 3 травматикалық қару жойылған.

Бұлар - полиция қызметкерлері тәркілеген және тұрғындар ерікті түрде тапсырған қарулар.

БҚО ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Ахаев бастаған комиссия алдымен қаруды тексерді. Содан кейін қапшыққа салынған қарулар пешке тасталды.

Айта кетейік, мұндай шара тоқсан сайын өткізіледі.

null null