Оралда 83 жастағы қария екінші қабаттан секіріп кетіп, мерт болды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында 83 жастағы қария екінші қабаттан секіріп кетіп, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда 83 жастағы қария екінші қабаттан секіріп кетіп, мерт болды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 15 мамыр күні Ю.Гагарин көшесіндегі 99-үйде болды. Осы үйде 51-ші пәтерде тұрған 1938 жылғы зейнеткер екінші қабаттан секіріп, өзіне-өзі қол жұмсаған. Ол қатерлі ісік дертіне шалдыққан. Бұл оқиға туралы хабар сағат 18.35-те түскен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 18.42-де шақырылды. Қария жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Еске сала кетейік, Орал қаласында 2 жасар қыз екінші қабаттағы терезеден құлап кетті.