Оралда 9-қабаттан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда тоғыз қабатты жатақхананың төбесінен секірмек болған 15 жастағы қыз құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, оқиға 20 сәуір күні кешкісін Исатай-Махамбет көшесі 82-мекенжайында болған.
Сағат 20.42-де тоғыз қабатты жатақхананың төбесінен қыздың секірмек болып тұрғаны жөнінде хабар түскен.

Сағат 21.24-те жедел құтқару жасағының күшімен (9 адам, 2 техника) 2005 жылғы А. деген қыз құтқарылды. Ол ата-анасымен сөзге келіп, өзіне-өзі қол жұмсамақшы болған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 10 гектар жердің шөбі өртенгенін жазған болатынбыз.