Оралда «Адал қоғам» республикалық байқауы өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Орал қаласында «Заң және тәртіп» қағидатын жан-жақты нығайту, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ адалдық пен әділдік қағидаттарын насихаттау мақсатында TikTok платформасында «Адал қоғам» республикалық байқауы өтті.

Оралда «Адал қоғам» республикалық байқауы өтті
Фото: Орал қалалық ішкі саясат бөлімі

Аталған байқауды Орал қаласы ішкі саясат бөлімі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті бірлесіп, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырды.

Оралда «Адал қоғам» республикалық байқауы өтті
Фото: Орал қалалық ішкі саясат бөлімі

Байқаудың басты мақсаты — азаматтық белсенділікті арттыру, жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық құндылықтарын кеңінен насихаттау.

Байқауға қатысу үшін өтінімдер TikTok платформасында 2025 жылдың 14 ақпаны мен 14 наурызы аралығында қабылданды. Еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден астам қатысушы жұмыстарын жолдап, олардың арасынан байқау комиссиясы 30 тақырыптық бейнероликті іріктеп алды.

Оралда «Адал қоғам» республикалық байқауы өтті
Фото: Орал қалалық ішкі саясат бөлімі

Комиссия мүшелері шығармашылық, мазмұн, тақырыпқа сай келу және көркемдік талаптар бойынша үздік жұмыстарды сараптап, жеңімпаз үш бейнероликті анықтады.

Жеңімпаздар тұрмыстық техника алуға арналған сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар, байқауға белсене қатысқан бірқатар азаматтарға алғыс хаттар табысталды.

Байқау жастардың әлеуметтік желідегі белсенділігін пайдалы арнаға бағыттап, қоғамда адалдық пен парасаттылықты дәріптеудің тиімді құралына айналды.

Айта кетейік, оралдық тұрғындар туристік фирмадан 5 млн теңге өндіріп алды.

Соңғы жаңалықтар