Оралда әлеуметтік саясаттағы гендерлік мәселелерге арналған семинар-тренинг өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Астана қаласындағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ( ЕҚЫҰ) орталығы бірлесіп, Орал қаласында «Әлеуметтік саясаттағы және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріндегі кешенді гендерлік тәсілдің принциптері» тақырыбында  семинар-тренинг өткізді.

Оралда әлеуметтік саясаттағы гендерлік мәселелерге арналған семинар-тренинг өтті

Семинар-тренингтің мақсаты - әлеуметтік саясатты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыстарын жетілдіруде гендерлік аспектілерді қолданудың кешенді тәсілдерін үйрету. Семинар-тренингке әр түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары және ауылдық округ әкімдері мен аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Білікті тәуелсіз сарапшылар мен консультанттар семинардың бапкерлері болды.

Семинар-тренингке Ұлттық комиссия төрайымының орынбасарлары Елена Тарасенко және Ляззат Сүлеймен, сонымен қатар Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Адами өлшем бөлімінің меңгерушісі Изабела Хартман қатысты.

Семинар-тренингтің ашылуында Е.Тарасенко тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тарихында еліміз айтарлықтай нәтижелерге жеткенін, соның ішінде демократиялық қоғамның құрылуы және гендерлік теңдік мәселелерінің ілгерілеуі бар екенін атап өтті. Осы кезең ішінде Қазақстан БҰҰ-ның гендерлік саясат саласындағы негіз қалаушы құжаттарына қосылды.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілді (2016 ж.6.12 №384). Тұжырымдама «Қазақстан-2050» стратегиясымен, 5 институционалдық реформалармен, сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі - БҰҰ) тұрақты даму мақсаттарымен үйлесім тапқан. Тұжырымдамада 2030 жылға дейінгі жету керекті нысаналы индикаторлар нақты анықталған.

Е.Тарасенко жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріндегі кешенді гендерлік тәсілдің принциптерін сақтаудың маңыздылығын ерекше қөңіл аударды. Сол үшін әйелдерді еліміздің барлық қоғамдық-саяси және экономикалық салаларына барынша тарту қажет. Себебі, әйелдер ел халқының жартысын құрайды, ал олардың мемлекеттік қызметтегі үлесі жартысынан асады. Семинарда танымал халықаралық тәуелсіз сарапшылар және кеңесшілер тренер болды.

Дүниежүзілік экономикалық форумның көрсеткіштері бойынша 2016 жылы Парламент Мәжілісіндегі әйелдердің қатысу деңгейі бойынша Қазақстан 144 мемлекеттің арасында 48 орынға ие болды. Қазақстандық әйелдердің шағын және орта бизнес (ШОБ) секторындағы үлесі 50 % құрайды, қолданыстағы ШОБ субъектілерін 44 % әйелдер басқарады, олар Қазақстандағы ШОБ секторындағы барлық жұмыс орындарының 31 %-ын қамтамасыз етіп отыр.

Семинар аясындағы сапар кезінде Ұлттық комиссия басшылары облыс әкімі Алтаай Көлгіновпен кездесті. Кәсіпкер - әйелдер басқаратын бизнес нысандары -  нан өнімдерін шығаратын «Балзия» ЖШС-нің және құрылыспен, құрылыс материалдарын шығарумен айналысатын «Отделстрой» ЖШС-нің еңбек ұжымдарымен жүздесті.

Сондай-ақ Ұлттық комиссия басшылары облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның көшпелі отырысына қатысты, онда әйелдерді мансаптық ілгерілету барысында тең құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, өңірдегі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру туралы облыстық ішкі саясат басқармасы басшыларының ақпараты тыңдалды.

Отырыста Л.Сүлеймен Батыс Қазақстан облысында әйелдердің мәслихат сайлауына қатысуының жоғары деңгейін атап өтті. Жалпы алғанда, облыс бойынша әйелдердің мәслихаттардағы үлесі 26%-ды құрайды, ал Ақжайық пен Бөрлі аудандарында бұл көрсеткіш 46 % және 38 %-дан жоғары. Сонымен қатар Орал қалалық мәслихатына әйелдердің сайлану бойынша белсенділігін арттыру қажет (20 %).   

Сондай-ақ, Л.Ж.Сүлеймен Елбасының бағдарламалық мақаласының негізінде қоғамның рухани-адамгершілік жаңғыруының негізгі бағыттары белгіленгенін атап өтті. «Бүгінгі күні елімізде отбасылық дәстүрлер қоғамдағы жоғары моральдық құндылықтардың сақталуына себеп болуда. Атап айтқанда, тек қана отбасының емес, Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының сыры осында».