11:49, 01 Мамыр 2017 | GMT +5
Оралда алғашқы велотұрақ пайда болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орал қаласы әкімдігінің алдына велосипедтерге арналған алғашқы тұрақ орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мой город» порталына сілтеме жасап.
«Бұл алғашқы сынама түрінде қойылған велотұрақ. Екіншісі облыстық әкімдік жанынан ашылады. Бірақ, ең алдымен мұндай тұрақтардың қажет екеніне көз жеткізгіміз келеді. Ұсыныс тұрғындардың өзінен түсті және біз оларға жағдай жасауды ұйғардық. Егер сұраныс көбейсе, алдағы уақытта халық көп жиналатын орындарда, сауда орталықтарында мекеме иелерінің өз қаражатына велотұрақ ашатын боламыз», - деді Орал әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.
Алғашқы екі велотұрақты жеке кәсіпкер ашқан.