Оралда ашыққан түлкі қалаға кіріп кетті

түлкі
Фото: Pixabay

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында көшеде жүрген түлкі видеоға түсіп қалды.

Instagram әлеуметтік желісінде dobroe_serdce_uralsk парақшасында жарияланған бейнежазбада түлкінің Салтанат сарайына қарай өтіп бара жатқаны көрінеді.

Бейнежазбаға автор «Оған тимеңдер, аш, сондықтан қалаға кіріп кеткен. Қайтадан жол табады. Адамдарға жоламайды» деген пікір қалдырған. 

Бұдан басқа да түрлі пікірлер жазылып жатыр.

«Түлкі, шамасы, аш болғандықтан, қалаға келген болуы керек. Меніңше, иттердің көзін жоюды жалғастыратын болсақ, олардан босаған жерге түлкі де, қасқыр да кіреді. Сондай-ақ „Түлкіні ұстап алып, өлтіру керек“ деп жазып жатқан адамдардың қаталдығы ашуымызды келтіреді. Керісінше сау түлкінің қаладан шығып кетуіне көмектесу керек», - дейді «Доброе сердце» қорының президенті Елена Иноземцева.

Соңғы жаңалықтар