Оралда Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлер ескерткішінің ашылғанына 10 жыл толуына орай салтанатты шара өткізілді
ОРАЛ. Қыркүйектің 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда Ауған соғысында қаза тапқан интернационалист-жауынгерлер ескерткішінің ашылғанына 10 жыл толуына орай салтанатты шара өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамы ұйымдастырған шара барысында ауған соғысында азаматтық борышын өтеу кезінде мерт болғандар еске алынып, олардың рухына тағзым етілді. Ауған соғысына қатысқандар естеліктерін айтып, әскери әндер шырқалды.