Оралда автобус қағып кеткен қыз қаза тапты

ОРАЛ. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2 қыркүйек күні таңертең №35 бағытта жүретін автобус М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті маңында 1994 жылғы қызды қағып кетті.

Оралда автобус қағып кеткен қыз қаза тапты

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, студент қыз жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмған. Ол жаяу жүргіншілер өтетін жерден өтпек болған.

Облыстық жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Сәкен Қайролдиннің мәлім еткеніндей, жүргізуші қызды көрмегенін айтады. Жүргізуші наркологиялық сараптамадан өткізілді, оның қорытындысы кейін белгілі болады. Оның жүргізуші ретінде барлық санаты және 26 жыл жұмыс өтілі бар.

Жас қыздың ғұмырын қиған автобус айып тұрағына қойылды.