Оралда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 2 адам қаза тапты
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Орал-Желаев жолында автобус пен «МАЗ» жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Орал қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисеновтің айтуынша, бұл жөнінде хабар сағат 16.15-те түскен.Жол апатынан әйел адам қаза тапқан. Екі бала жарақат алған.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғалидың нақтылағанындай, жедел жәрдем көлігі келгеннен кейін тағы бір адам көз жұмған. Сонымен қатар қалалық көпбейінді ауруханаға 7 адам жеткізілген. Соның екеуі - балалар.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.