Оралда автобус зейнеткер әйелді қағып кетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда автобус зейнеткер әйелді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 10.00-дер шамасында болды.
Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл бойында №2 бағытпен жүретін автобус белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан 1937 жылғы кейуананы қағып кетті.
Жаяу жүргінші алған жарақаттары салдарынан ауруханада қайтыс болды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, кеше Оралда жол апатынан төрт адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.
Бүгін таңертең депо көпірінің астынан ер адамның мүрдесі табылды.