Оралда автокөлік аялдамаға соғыcып, 64 жастағы жүргізуші ауруханаға жеткізілді

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік аялдамаға соғыcып, 64 жастағы жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 24 желтоқсан күні Абай даңғылы бойында ғылыми-техникалық кітапхана аялдамасында болды.

«Фольксваген» автокөлігі аялдамаға соғыcқан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жедел жәрдем сағат 11.39-да шақырылды. Жол апаты салдарынан 1958 жылғы ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

«64 жастағы ер адамды невропатолог қарады, МРТ жасалды. Әзірге ол дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөлік қағып кеткен ер адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар